Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Ауылда 50 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, «Сенім» оңалту орталығы ашылды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысы Сарқан ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған 50 пәтерлік жалгерлік үй пайдалануға берілді. Сол сияқты 40 балаға арналған «Сенім» оңалту орталығы ашылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қала мен ауылды дамытуда тепе-теңдікті сақтап, Мемлекеттік саясатқа сай әрекет етуі қуана құптарлық жайт.Мұны жаңа Қазақстанды құруда сөз бен істі қабыстыра білу деп те бағалаған жөн шығар?! Нақтылай түссек, бүгін Сарқан ауданында қос қуаныш болды.

Облыс орталығынан едәуір алыста жатқан ауданнан жеделдете түскен мәліметке сүйенсек, баспаналы болғандардың арасында жетім балалар, І, ІІ топтарға мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші, көп балалы және толық емес отбасылар, зейнеткер, Ауған соғысының ардагері, мемлекеттік және бюджеттік мекемелер қызметкерлері, тұрғын үйі апатты деп танылған отбасы да бар екен. Жалгерлік негізде пайдалануға берілген бұл 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысына жалпы сомасы 505,630 млн. теңге қаражат жұмсалып, тұрғын үйлер заман талабына сай барлық коммуникациялық желілерге қосылған. Сондай-ақ, балалар ойнайтын алаңқаймен қоса автокөлік тұрағы да қарастырылған. Бұл қаражаттың өз мақсатында жұмсалғанын аңғартады «Мен осы қуанышты көп күттім. 10 жылға жуық жалдамалы үйде тұрып келдім, онда уақыт талабына сай балаларыма ешқандай қолайлы жағдай болмады. Енді отбасымызбен киелі шаңырағымыздың табалдырығын жаңа үмітпен, ақ ниетпен аттағалы отырмыз», – деді жаңа пәтер иесі көп балалы ана Перизат Құдиярова.


Тағы бір ақжолтай жаңалық – Сарқан қаласында балаларды оңалтуға арналған орталық есігін айқара ашты. Онда жалпы сомасы 37,4 млн. теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынған, соның 27,7 млн. теңгесі оңалту құралдарына жұмсалды. Мұнда MotoMed трежанеры, Вертикализатор, ERGO құрылғысы, Рецикулятор, Дэльфа-1 логопед тренажеры және басқа да құрылғылар бар. Заманауи құралдармен жабдықталған 22 кабинетте 55 жоғары білікті маман қызмет көрсетеді. Орталыққа балаларды тасымалдауға арналған арнайы жаңа автокөлік те бөлінген. Ауласы абаттандырылған, балаларға арналған ойын алаңдары бар.


Нысанның ашылу салтанатына арнайы барған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұрат: Бұндай орталықтарды мейлінше көптеп ашқан жөн. Ерекше күтімді талап ететін балаларды үйде ұстамау керек. Баланы арнайы білікті мамадарға апару арқылы қандай да бір жетістіктерге жетуге болады. Сарқан ауданында ашылып отырған орталықтың ерекшелігі, бұл жерде балаларды таңнан кешке дейін қалдыруға болады. Сондай-ақ алыс ауылдардан қатынайтын ата-аналар осы орталықта 6 айға дейін қалып, емдеу барысында балаларының жанында бола алады, – деді.


Бұл нысанда әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-құқықтық бағыттар бойынша қызмет көрсетіледі.


«Оңалту орталығының қаламызда ашылғанына ризамын. Осында 11 жастағы немеремді әкелдім. Жыл сайын Астанаға оңалтуға баратынбыз. Енді ешқайда сабылмай осы орталықтың мамандарына жүгінемін, баламның денсаулығында оң өзгерістер болады деп үміттенемін», – дейді сарқандық Сәулет Нұрмұхамедқызы. Айта кетейік, орталық орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуге 27 млн.теңге жұмсалған.Жалпы мұндай орталықтардың саны Жетісу жерінде 11 болса, соның 4-еуі мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қорыта айтқанда, бұл күндері Алматы облысынан жағымды жаңалықтар ағылуда.Жетісулықтардың сол игілікті істерін қаз-қалпында жедел елге жеткізу біздің де бір мақсатымыз болып саналады.


Өз тілшіміз.
Алматы облысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...