Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Қарашөкеев пен Сұлтанов азық-түліктің қымбаттау себебін түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы азық-түліктің қымбаттауына байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз қазір картоп, сорпа жиынтығы бойынша қажеттіліктерімізді толығымен қамтамасыз етіп отырмыз. Сәуір айында бізге жаңа піскен қырыққабат жетеді. Сол бойынша біз өз қажеттіліктерімізді толығымен жабамыз. Картопқа қатысты қауіп болған. Себебі ол бізде пісіп үлгермейді», – деді Қарашөкеев үкімет кулуарларына.

Министрлік басшысы картоппен қамтамасыз ету мәселесі өткен жылдан бері шешіліп жатқанын атап өтті.

«Біз Өзбекстанмен келіссөздерді жүргіздік, сол елден кем дегенде 20 мың тонна картопты қалыпты бағамен осында әкелу үшін келіссөзге келдім. 2020-2021 жылдардағыдай картоп келісінің бағасы 800 теңгеге дейін барған проблемаға қайта жол бермейміз», – деп сендірді министр.

Сонымен қатар Ербол Қарашөкеев елдегі азық-түліктің басқа түрлері бойынша да пікірін ортаға салды.

«Біз агроөнеркәсіптік кешеннің ұлттық жоспарын қабылдадық. Ірімшік, сүт, балық еті бойынша, тағы біраз азық-түлік түрі бойынша өз-өзімізді қамтып, 2025 жылға дейін 100 пайыздық қамту деңгейіне жетеміз. Қантпен қамтамасыз етілу деңгейін ол жылы 80 пайызға апарамыз», – дейді ол.

Өз кезегінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Бас прокуратура және жергілікті әкімдіктермен бірге азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шаралары қабылданып жатқанын атап өтті.

«Баға мәселесінде, әрине, түпкілікті өнімде әрдайым сауда үстемесі болады. Бізде сауда үстемесін 15 пайыздан асырмау туралы норма бар. Осы мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар шара қабылдай алады. Тиісті жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда Бас прокуратурамен бірге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін ірі көтерме сауда нарықтарын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл да инфляцияны тежеу жөніндегі іс – шаралар жоспарына кіреді», – деп хабарлады Сұлтанов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...