Шетел валютасын шекарадан шығаруға қатысты тыйым қалай реттеледі?

Танымал

Ел аузында

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетел валютасын шекарадан шығаруға салынған тыйым қалай реттелетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ұлттық валютаның айналысы, реттелуі және эмиссиясын енгізу мәселесі Ұлттық банк құзырында. 10 мың долларға дейін шектеу болады. Бізде ЕАЭО аясында кеден жоқ, сондықтан кеден органдары бұл жерге араласпайды.

Бірақ оны қадағалайтын шекара қызметі бар. Бұл жерде құзырлы органдар жұмыс істеуі керек екені анық және әрине Ұлттық банк араласуы керек», – деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» жарлыққа қол қойған болатын. Оған сәйкес, шетел валютасы мен алтынды шекарадан шығаруға тыйым салынады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...