Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16 C
Nur-Sultan
24.9 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Тоқаев: Бітімгершілік күштері елімізде бірде-бір оқ атқан жоқ

Танымал

Ел аузында

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған жолдауында Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері жайлы пікір білдірді. Мемлекет басшысы бітімгершілік күштердің елімізде оқ атпағанын ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар елді ыдырату үшін ойларына келген барлық  тәсілді қолданды. Соның салдарынан Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрауға мәжбүр болдық. Бұл қадам ішкі және халықаралық нормаларына сай жүзеге асырылды. Бітімгершілік күштері елімізде бірде-бір оқ атқан жоқ. Олар стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Бұған алдын ала жасалған келісімнің нәтижесінде қол жеткіздік. Жағдай тұрақталған соң екі аптадан кейін олар Қазақстаннан толық шығарылды. Бұл көп тарапты қарулы контингент. Оның құрамында Қазақстан да бар. Бітімгершілік миссиясының маңызды рөлін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ түптеп келгенде біз содырларды өз күшімізбен жеңдік”, – деді Тоқаев. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Құрбан айтта Алматыда мал соятын арнайы орындар анықталды

Қасиетті Құрбан айт биыл 16 маусымда басталады. Алматыда санитариялық талаптар сақталуы үшін мал сату мен союға, таратуға арналған 14...