Президенттің партия мүшесі болуы заңды түрде тоқтатылады

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында президенттің партия мүшесі болуын заңды тұрғыдан тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мен президенттің өкілеттік кезеңінде партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамалық түрде ресімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы әкімдердің партия филиалдарын басқаруды тоқтату керектігін айтты.

«Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпполярлы партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді», -дейді ол. «Қасіретті қаңтардың» маңызды сабағы-мемлекеттегі ең жоғары лауазымды тұлғаның қолындағы өкілеттіктердің шоғырлануы оған жақын адамдар мен қаржы-олигархиялық топтардың әсерін негізсіз күшейтеді. Олар мемлекетті жеке меншік ретінде қабылдайды», – деді президент.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника «Розовый октябрь» усилили работу по профилактике рака молочной железы и...