Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0.7 C
Nur-Sultan
4.4 C
Almaty
7.1 C
Shymkent

Тоқаев теңге бағамына қатысты пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бізде барлық ауқымды дағдарысты еңсеру үшін қажетті резерв бар. Үкімет дағдарысқа қарсы негізгі шараларды іске асыруы керек. Ал ең алдымен ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл – экономикалық қауіпсіздігіміздің негізгі факторы», – деді Тоқаев халыққа жолдауында.

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы оқиғалар теңгеге өте қатты қысым жасады. Оған халық арасындағы дүрбелең де әсер етті. Адамдар капиталды шығаруға кірісті. Ал шекара аймағында ақшаны көп ала бастады.

«Сондықтан қаржы саласында алыпсатарлық әрекеттерді азайту керек. Оны сырттан келетін сатып алушылар да күшейтіп отыр. Осыған байланысты мен шетелге валюта шығаруға шектеу қоятын арнайы қаулыға қол қойдым», – деп атап өтті президент.

Тоқаевтың айтуынша, мемлекет үлесі бар компаниялар экспорттық табыстан түскен валютаны сатуы керек. Жер қойнауын игеру саласындағы жекеменшік компаниялар да валюталық пайдасын теңгеге айырбастағаны жөн.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...