Енді Президент пен әкімдер партияға мүше болмайды

Танымал

Ел аузында

Президент сайланған мерзімі ішінде партияға мүше болмасын деген өзгеріс енгізуді ұсынамын.

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына арнаған жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Қазір бәрі дерлік Президентке бағынған және бұл – теріс нәрсе. Біртіндеп бұндай тәжірибеден кету керек. Мен үшін мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесі биліктегі қосымша бір үстемдіктен артық. Сондықтан Президент сайланған мерзімі ішінде партияға мүше болмасын деген өзгеріс енгізуді ұсынамын. Бұл саяси бәсекелестікті күшейтіп, барлық партиялардың дамуына жағдай жасайды», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент заңға тиісті өзгеріс енгізе отырып, енді әкімдер мен олардың орынбасарлары партия филиалдарын басқаруды тоқтатуы керек деді. Әкімдерден тыс, енді Есеп комитетінің төрағасы, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сияқты өте маңызды қызмет атқаратын адамдар да партияға мүше болмайды деді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұрпақ болашағына қызмет еткен ғалым

Еліміздің гидрогеология саласының дамуына елеулі үлес қосып, саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған азаматтардың бірі – гидрогеология ғылымының ардагері,...