Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Қазақстан бензин бағасы бойынша ең арзан елдер қатарына кірді

Танымал

Ел аузында

Қазақстан бензин бағасы бойынша ең арзан елдер қатарына кірді. Елдегі бензин құны әлемдегі орташа бағадан үш есе төмен, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі GlobalPetrolPrices-ке сілтеме жасап. 

Бүкіл әлем бойынша бензиннің орташа бағасы литріне 1,32 доллар болып отыр. Түрлі елдер арасында бензин бағасында айтарлықтай айырмашылық бар. Портал мәліметтері бойынша, бай елдерде баға жоғары, ал кедей елдер мен мұнай өндіретін, экспорттайтын елдерде баға әлдеқайда төмен. Жалғыз ерекшелік – АҚШ-та. АҚШ экономикалық жағынан дамыған ел болса да, бензин құны салыстырмалы түрде төмен.

Әлем елдеріндегі мұндай айырмашылық салық пен бензин субсидияларына байланысты болып отыр. Мақала авторлары барлық елдің мұнай бағасын бірдей белгілеуге мүмкіндігі бар екенін, бірақ салық мөлшері бірдей емес екенін атап өтті. Нәтижесінде, бұл бензин бағасына да әсер етеді. 

Сарапшылардың пікірінше, ең арзан бензин Венесуэлада сатылады, онда литріне – 0,025 доллар (шамамен 12 теңге) тұрады. Одан кейін Ливия, Иран, Сирия, Алжир, Ангола және Кувейт тұр.

Қазақстан рейтингте 8-орында тұр, бензин бағасы – литріне 0,393 доллар. Сарапшылардың есебі бойынша, бұл – шамамен 199 теңге.

Ресей 11-орында тұр. Онда бензин құны 0,431 доллар немесе 218 теңге болады. Сауд Арабиясында (19-орын) бензин 0,621 доллардан (314 теңге) сатылады.

Сарапшылардың пікірінше, ең қымбат бензин Гонконгта – 2,879 доллар (1457 теңге), Монакода – 2,477 доллар (1253 теңге), Нидерландыда – 2,432 (1230 теңге).

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...