«Алматы-1» станциясында майнинг фермасы анықталды

Танымал

Ел аузында

Көліктегі полиция заңсыз майнинг фермасын анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы-1» станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Құндызды станциясының теміржол төсемі аумағынан майнинг жұмыстарына жабдықталған бөлмені анықтады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев айтты.

Оның айтуынша, көлік полицейлері криптовалюталарды өндіруге арналған 130 қорап майнинг техникасын, сондай-ақ қатты дискілер мен жабдықтың қосалқы бөлшектерін тауып, тәркілеген.

«Факт бойынша соталды тергеу басталды, қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді полиция генерал-майоры.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...