Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы көктем мен жаңару мерекесі қарсаңында Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам тұратыны туралы инфографика дайындаған.
«Қазақстанда Наурыз есімді 1 453 адам болса, оның 1 417-і ер адам, 36-ы әйел. Наурыз есімді азаматтардың көбі Маңғыстау облысында – 278 адам, Түркістан облысында – 190 адам, ал Қызылорда облысында – 160 адам тұрады», – делінген ақпаратта.
2021 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 1 қаңтар аралығында Наурыз есімді 17 сәби дүниеге келген екені.