Ақмола облысында су мұнарасы құлады

Танымал

Ел аузында

Ақмола облысының Макинка ауылында қатты жел салдарынан су мұнарасы құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Бір жарым мыңға жуық тұрғын сусыз қалды. Қазір су тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар оқиға орнына арнайы мамандар келген. Олар мұнараның одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтайды.

«Макинка тұрғындарын сумен қамту туралы айтар болсақ, бүгін су таситын екі көлік жүрді жүрді. Халық тапсырысы бойынша су жеткізді. Таңертең де сол қарқынмен жұмысты жалғастырамыз. Мамандар нақты шешім шығаруы керек. Себебі егер астындағы іргетас қозғалса, онда мұнараны бұзып, жаңасын орнату қажет», – деді Макинка ауылының әкімі Жанат Көшкімбаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...