Үкіметте Президент өкілеттігіне байланысты қандай өзгерістер болатыны айтылды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауынан кейін әзірленген жоба аясында он бағыт бойынша 36 іс-шара жүзеге асырылатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент өкілеттігінің шамадан тыс шоғырлануынан бас тарту мақсатында заңнамаға мынадай түзетулер енгізілетін болды:
- Мемлекет басшысы президенттік өкiлеттiктердi атқару мерзiмiнде саяси партияға мүшелiгiн тоқтату;
- Президенттiң жақын туыстарының мемлекеттiк саяси кызметшiлер лауазымдары мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының басшылары лауазымдарын аткаруына тыйым салу;
- Мемлекет басшысының облыстар, республикалық манызы бар қалалар және астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жою немесе оларды тоқтата тұру жөнiндегi құзыретiн алып тастау;
- Президенттің аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар калалар, ауыл, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерiн лауазымынан босату құқығын жою.
Партиялық құрылымдардың мемлекеттік аппаратпен бірігуіне жол бермеу үшін заңнамаға Орталык сайлау комиссиясының, Есеп комитетiнiң, Конституциялық кеңестiң төрағалары мен мүшелерiнiң мiндеттi түрде партиядан шығуы туралы ереженi енгізу қарастырылады.
Сондай-ақ, әкiмдер мен олардың орынбасарларының саяси партиялар филиалдарында лауазымдар аткаруына тыйым салынады.