Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Оралдықтар қала әкімінің отставкаға кетуін талап етті

Танымал

Ел аузында

Оралда жергілікті тұрғындар қала әкімі Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мой ГОРОД сайтына сілтеме жасап.

27 наурызда egov.press сайтында жарияланған петицияға 11 938 адам қол қойған.

«Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етеміз. Абат Шыныбеков қала әкімі болып тағайындалғаннан кейін қала басшысыз қалған сияқты. Халық оның жұмысына наразы, қалада жол-жөндеу жұмыстары нашар жүргізіліп жатыр. Үнемі апат болып тұрады. Қала ай сайын сусыз қалады. Осылай жалғаса берсе, қала тұрғындарының әкім жұмысына наразылық көрсететін себептері жетерлік», – делінген петиция мәтінінде.

Өтініш авторының пікірінше, мәселені тек Мемлекет басшысы шеше алады. Қала әкімінің баспасөз қызметі жағдайды кейінірек түсіндіруге уәде берді.

Абат Шыныбеков 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша және «Еуразия» тілдер және менеджмент институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

1996 жылдан 2003 жылға дейін мемлекеттік қызметте түрлі жұмыс істеді. 2003-2006 жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары болды. 2007-2008 жылдары – Орал әкімінің кеңесшісі. 2008-2012 жылдары – «Нұр Отан» БҚОФ төрағасының орынбасары. Бірнеше жыл Орал қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2013-2017 жылдары – Сырым ауданының әкімі. 2017 жылы Казталов ауданының әкімі болып, 2019 жылғы тамызда Орал қаласының әкімі болып тағайындалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...