Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

«Қазақстанда барлығын сатып алуға болады»: Белгілі марафоншы депутаттық төсбелгісін сатылымға қойды

Танымал

Ел аузында

Белгілі марафоншы, Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген спортшы Марат Жыланбаев Екібастұз мәслихатының депутаты болған кезінде алған депутаттық төсбелгісін сатылымға қойды. Ол төсбелгінің бастапқы бағасын 100 мың теңге деп белгіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алтын төсбелгіні сату туралы хабарлама спортшының әлеуметтік желі парақшаларында пайда болды. Сөзінше, 375-сынамадағы 6 грамм болатын төсбелгіні 2003 жылы, Екібастұз мәслихатына сайланған тұста алған екен. 

«Бұл төсбелгіні қандай ақшаға сатып алғанын білмеймін. Заң бойынша депутаттарға алтын белгі тағуға болмайды. Алайда сол кезде әкімдіктегілер 17 Екібастұз азаматына алтын төсбелгі берді. Біз бұл үшін ақша төлемедік. Қазір еш қажеті жоқ. Ешқайда тақпаймын, сондай-ақ бұл төсбелгімен жағымсыз естеліктер байланысты. Сондықтан сатылымға қойдым», – деді Жыланбаев. 

Жағымсыз естеліктер деп спортшы 2006 жылдың күзінде орын алған оқиғаны айтып отыр. Бұл кезде Екібастұзда тәжірибе ретінде депутаттарға қала әкімін таңдау құқығын берген. 

«Біз өз ішімізде сенімге ие және халық құрметтейтін азаматты сайлаймыз деп келістік. Әркім өз ауданында халық пікірін зерттеді. Барлық аймақта тұрғындар Валерий Набитовскийдің әкім болғанын қалады. 17 депутаттың ішінен 16-сы дауыс берді. Осы кезде қысым көрсетіліп, басқа адамды әкім қылып сайлау талап етілді. Тіпті қылмыстық іс қозғауға дейін жетті. Әділ сайлау өтпеді, кейін мен және тағы үш әріптесім депутаттықтан бас тарттық. Ал төсбелгі менде қалды, кері қайтаруды ешкім сұрамады», – деді Жыланбаев.

Сатылым туралы хабарлама желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады. 

«Сатап алғысы келетіндер бар. Бір ер адам 100 мыңнан көбірек төлеуге дайын екенін айтты. Төсбелгі бағасын өзім қойдым. Кейбірі естелік ретінде қалдыруымды да айтты, бірақ менде 1999 жылы берілген қарапайым төсбелгі бар. Бұл – жақсы тәжірибе, себебі депутаттық корпуста көп нәрсе жасай алдым. Негізі мен Сенат депутаттарына алтын төсбелгінің берілуіне қарсымын. Салық төлейтін азаматтардың ақшасы емес пе. Егер депутаттар алтын төсбелгі таққысы келсе, өз қаржысына сатып алсын», – деді Жыланбаев.

Жазба астына пікір білдіргендердің бірі спортшыға «Депутаттық орын қоса беріле ме?» деген сауал қойған. 

«Қазақстанда барлығын сатып алуға болады: депутаттық орынды, орден мен лауазымды да», – деді ол.

Марат Жыланбаев – барлық ірі шөлдерді жүгіріп өткен жалғыз спортшы. Қазақстандық Қарақұм, Сахара, Үлкен Виктория, Невада шөлдерін бағындырып, 7 рекорд орнатқан. Жүгірудің өзіндік әдісін ойлап тапқан Марат Жыланбаев қарапайым марафоншыдан эстрамарафоншыға айналды. Жыланбаевты Әлемдегі ең күшті және төзімді адам деп атаған. 1995 жылы үлкен спорттан кетіп, қоғамдық істермен шұғылдана бастады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...