Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7.8 C
Nur-Sultan
20.3 C
Almaty
18.8 C
Shymkent

Берік Уәли «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болды

Танымал

Ел аузында

Берік Уәли «Хабар агентігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Хабар 24» телеграм каналына сілтеме жасап.Берік Уәли 2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарып келді.

Берік Уәлидің өмірбаяны

Берік Уәли 1977 жылы туған. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын журналистика мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын «Таң» телеарнасының тілшісі болып бастап, әр жылдары «31 арна», «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Нұр Медиа» медиа орталығын басқарған.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...