Оңтүстіккореялық танымал «Игра в кальмара» телехикаясының режиссері әрі сценарисі Хван Дон Хек сериалдың жаңа маусымы 2024 жылдың аяғында шығуы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.
Хван Дон Хек екінші маусымға арналған сценарийдің үш парағын жазып үлгергенін айтты.
«Екінші маусым бойынша жұмыс істеуім керек. Бәрі ойдағыдай болса, 2024 жылдың аяғына дейін көрсете аламыз деп үміттенемін», – деді режиссер.
Еске салайық, бұған дейін «Игра в кальмара» сериалының сценарий авторы әрі режиссері Хван Дон Хек Лос-Анджелестегі іс-шара кезінде сериалдың екінші маусымын күтіп жүргендерге үндеу жасаған болатын.
Айта кетейік, оңтүстік кореялық «Игра в кальмара» телехикаясы – Сеулде өмір сүре алу туралы триллер. 456 адам көп ақша ұтып алу мүмкіндігі бар балалар ойындарын ойнайды. Бірақ жеңілсе, өмірімен қош айтысады.