Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

«Игра в кальмара» режиссері телехикаяның жаңа маусымы қашан шығатынын айтты

Танымал

Ел аузында

Оңтүстіккореялық танымал «Игра в кальмара» телехикаясының режиссері әрі сценарисі Хван Дон Хек сериалдың жаңа маусымы 2024 жылдың аяғында шығуы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.

Хван Дон Хек екінші маусымға арналған сценарийдің үш парағын жазып үлгергенін айтты.

«Екінші маусым бойынша жұмыс істеуім керек. Бәрі ойдағыдай болса, 2024 жылдың аяғына дейін көрсете аламыз деп үміттенемін», – деді режиссер.

Еске салайық, бұған дейін «Игра в кальмара» сериалының сценарий авторы әрі режиссері Хван Дон Хек Лос-Анджелестегі іс-шара кезінде сериалдың екінші маусымын күтіп жүргендерге үндеу жасаған болатын. 

Айта кетейік, оңтүстік кореялық «Игра в кальмара» телехикаясы – Сеулде өмір сүре алу туралы триллер. 456 адам көп ақша ұтып алу мүмкіндігі бар балалар ойындарын ойнайды. Бірақ жеңілсе, өмірімен қош айтысады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...