Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі екі жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр. 2021 жылдың аяғында ол 4,9 пайыз болған еді, – деп хабарлайды Finprom.kz.
Жұмыссыздар саны бір жылда 0,6 пайызға – 450 мың адамға дейін азайған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,6 пайызға артқан еді.
Қала мен ауылдағы жұмыссыздар арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Қалалардағы жұмыссыздық деңгейі жыл басында 5 пайыз болған, ал ауылдарда жұмыссыздық бір жылда 4,8 пайыздан 4,7 пайызға дейін қысқарған.
Өңірлер арасында жұмыссыздық деңгейі бойынша Түркістан облысы мен Алматы көш бастап тұр. Бұл өңірлерде – 5,1 пайыз. Олардан кейін Шымкент пен Батыс Қазақстан облысы тұр. Онда – 5 пайыз.
Жұмыссыздардың көп бөлігі Алматы мен Алматы облысында тұрады. Бұл өңірлерде жұмыс іздеп жүргендер 100 мыңнан асады.