Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Қазақстанда инфляцияның болжамдық дәлізі өсті

Танымал

Ел аузында

Республикалық бюджетке енгізілген көктемгі түзетулерде үкімет инфляция дәлізін 8-10 пайыз деңгейінде белгіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 72,2 миллиард долларға дейін өседі. Импорт 40,2 миллиард доллар болады. Инфляция 8-10 пайыз дәлізінде анықталады.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірісінің болжамы нақтыланды. 2022 жылы республикалық бюджеттің кірісі 10,1 триллион теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 955 миллиард теңгеге жоғары», – деді Қуантыров үкімет отырысында.

Оның айтуынша, кірістер бойынша негізгі өсім мұнайдың болжамды бағасының өсуі, теңгенің долларға қатысты бағамының өзгеруі және макроэкономикалық көрсеткіштердің артуы есебінен корпоративтік табыс салығы аясында баж мөлшерлемесінің артуы есебінен мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша күтіледі.

«2022 жылы бюджет тапшылығын 2,9 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 3,3 пайызы деңгейінде анықтау ұсынылады. Республикалық бюджеттің шығыстарын түзетілген көлеммен салыстырғанда 2,7 триллион теңгеге ұлғайта отырып, 18,8 триллион теңге көлемінде айқындау ұсынылады», – деп толықтырды министр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...