Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Елімізде бұқаралық спортты дамыту үшін не жасалады?

Танымал

Ел аузында

Президент бұқаралық спортты дамытуды мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі ретінде белгіледі. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев бұл бағытта қандай шараларды жүзеге асыру көзделгенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дәурен Абаевтың сөзінше, біріншіден спорттық инфрақұрылым қажет.

«Елді мекендерде спорт залға қажеттілік 1,5 миллион шаршы метр жоғары, 935 мың шаршы метр қолданыста бар. Демек, спорт алаңдарының тапшылығы 39 пайыз немесе 574 мың шаршы метр.

Спорттық инфрақұрылым жетіспеушілігін шешу мақсатымен 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасы жүзеге асырылды.

Үкіметке 2025 жылға дейін спорттық инфрақұрылымды дамытудың арнаулы жоспары ұсынылды. Құжат аясында 140 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр», – деді министр.

Екіншіден, мемлекеттік спорттық тапсырысты реттеу керегін айтты.

2021 жылдың 1 мамырынан бастап спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру механизмі енгізілді. Соның нәтижесінде 4 пен 17 жас аралығындағы 217 мың бала мен жасөспірім тегін спорт секцияларына қатысып жүр екен.

«Алайда бұл механизм әлі де жетілдіруді қажет етеді. Ең алдымен, қаражат тапшылығы. Бірқатар аймақ бір жылға бөлінген ақшаны бір тоқсанда жұмсап тастаған», – деді ол.

Үшіншіден, Абаев 2021 жылдан бастап дене шынықтыру сабақтарына ұлттық спорт түрлері міндетті компонент болып енгізілгенін айтты.

«Төртінші. Жыл сайын оқушылар мен студенттер арасында спорттық лигалар өтеді.

Бесінші. 3,5 мың негізгі елді мекеннің барлығы 2025 жылға дейін штаттағы спорттық нұсқаушымен қамтамасыз етіледі.

Алтыншы. Сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау», – деді министр.

Дәурен Абаев 2020 жылдан бастап мамандандырылған мектептер мен колледж қызметкерлерінің еңбекақысы жыл сайын 25 пайызға өсіп келе жатқанын айтты. Ол 2023 жылы бұл көрсеткіш 100 пайыз боларына сенімді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...