Америкада жүрген Мейрамбек Бесбаев Майк Тайсонмен тілдесті

Танымал

Ел аузында

Бір апта бойы Америкада саяхаттаған Мейрамбек Бесбаев даңқты америкалық боксшы Майк Тайсонмен телефон арқылы тілдесті. Әнші осы сәттің видеосын желідегі парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Білектің күшімен бүкіл әлемді таңғалдырған аңыз адам Майк Тайсонмен телефонмен сөйлесу сәті түсті. Жүрегі жұмсақ, жаны таза жігіт екен. Айтпақшы, кептер ұстайтыны бар екенін білетін шығарсыздар. Біздің кептершілер одағының мүшесі десең.  Бас аман, бауыр бүтін болып, жақсы күндерде жолығайық. Оразаларыңыз қабыл болсын», – деп жазба қалдырды Бесбаев.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев әріптесі Ғазизхан Шекербековпен бірге Америкаға аттанды. Қос жұлдыз Нью-Йорктегі «Плаза» қонақ үйінде болып, әйгілі «Один дома» фильміндегі Дональд Трамп қатысқан сахнаны қайталады. Ол АҚШ-та концерт беріп, түскен ақшаны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтқан еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азиядағы жас дизайнерлерге арналған...