Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
18.7 C
Shymkent

Айсәуле Бақытбек: Қалаған кезде тамақ істеймін, үй жинаймын

Танымал

Ел аузында

Айсәуле Бақытбек қазақстандық қыздардың тәрбиесіндегі ең үлкен қателікті атады. Сөзінше, біздің елде қыздарды үй шаруасына бейімдеп, күйеуі мен отбасына қызмет етуге тәрбиелейді. Ал ол көптеген нәзік жандылардың бақытсыз ғұмыр кешуіне себеп болады. Бұл туралы Айсәуле Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айсәуленің өзі үй шаруасымен сирек айналысады. Қазіргі уақытта уақытының көп бөлігін сәбиіне, бизнесіне, өзіне арнайды. Ал үй тірлігін жасайтын қызметішісі бар. Мұны байқаған желі қолданушылары Айсәулеге бұл жайында толассыз сауал тастаған. 

«Қалаған кезде тамақ істеймін, үй жинаймын. Бірақ аптасына 3-4 рет үйге көмекшім келеді. Осыған ұқсас сұрақтар мен айыптаулардың көп болғанына қарағанда бұл қазақстандық әйелдердің ең жанды жері. Бұл біздің елдегі қыздар тәрбиесіндегі қателіктерді тағы бір мәрте көрсетеді», – дейді Айсәуле.

Бақытбекқызының сөзінше, көптеген қыздарды бала кезінен күйеуіне, туыстарына, үйге қызмет етуге үйретеді. 

«Бірақ оның шынайы бақытпен ешқандай байланысы жоқ екенін айтпайды. Көптеген қыздар тұрмысқа шығып, сол сұмдықпен шынайы өмірде бетпе-бет келеді. Дәл осы себепті ең үлкен қателікті жіберіп алмау үшін өмірлік серікті таңдау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға кеңес беремін. Бұл сұраққа келгенде өз жүрегіңнен басқа ешкімді тыңдама. Тағы айтарым: Оқыңдар, оқыңдар және жұмыс істеңдер», – деп түйіндеді сөзін Айсәуле. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...