Жұмыссыздық деңгейі ең жоғары өңірлер аталды

Танымал

Ел аузында

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі екі жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр. 2021 жылдың аяғында ол 4,9 пайыз болған еді, – деп хабарлайды Finprom.kz.

Жұмыссыздар саны бір жылда 0,6 пайызға – 450 мың адамға дейін азайған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,6 пайызға артқан еді.

Қала мен ауылдағы жұмыссыздар арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Қалалардағы жұмыссыздық деңгейі жыл басында 5 пайыз болған, ал ауылдарда жұмыссыздық бір жылда 4,8 пайыздан 4,7 пайызға дейін қысқарған.

Өңірлер арасында жұмыссыздық деңгейі бойынша Түркістан облысы мен Алматы көш бастап тұр. Бұл өңірлерде – 5,1 пайыз. Олардан кейін Шымкент пен Батыс Қазақстан облысы тұр. Онда – 5 пайыз.

Жұмыссыздардың көп бөлігі Алматы мен Алматы облысында тұрады. Бұл өңірлерде жұмыс іздеп жүргендер 100 мыңнан асады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR одним из первых получил доступ к Android 17 Beta 3 для разработчиков

Международная технологическая компания HONOR объявила, что флагманский смартфон HONOR Magic8 Pro вошел в число первых устройств в индустрии, поддерживающих...