Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Қазақстанда нан қымбаттауы мүмкін бе?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда әлеуметтік нан қымбаттамайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов ОКҚ брифингінде айтты. 

«Нан туралы сөз қозғанымызда оның екі түрі барын ескерейік: біріншісі – әлеуметтік нан. Оның бағасы мемлекет тарапынан бекітіліп, мониторинг жасалады. Яғни әлеуметтік нан дегеніміз бірінші сұрыптағы ұннан жасалатын қалыпты нан. Оған ерекше назар аудару керек. Оның бағасы өңірлерде тұрақты. Бағасы өзгермейді. Егер ұн өндірістерінде тапшылық не басқа да қымбаттау болса, бұл жағдайда субсидиялау бойынша бағдарлама іске қосылады. Өңірлерде нанды қазіргі баға бойынша өндіру белгіленеді. Айырмашылығы мемлекет тарапынан субсидиялау бойынша төленеді. Яғни әлеуметтік нанның қымбаттауына негіз жоқ», – деді Сұлтанов ОКҚ брифингінде. 

РЕКЛАМАПортативные акустические комплекты от LD Systems

АлматыПерейти

Азат Сұлтанов басқа нан өнімдері – круасан, багет және тағы басқасының бағасы шикізат бағасына қарай белгіленетінін атап өтті. 

«Бірақ тағы қайталап өтейін әлеуметтік нанның қымбаттауына негіз жоқ», – деді Сұлтанов. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...