Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.3 C
Nur-Sultan
14.3 C
Almaty
14.9 C
Shymkent

Қырғызстан ҰҚМК 9 мамырда Z әрпі бар киімдерді кимеуге шақырды

Танымал

Ел аузында

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 9 мамырды атап өту кезінде Z әрпі бар киімдерді кимеуге шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан ҰҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарына қарағанда, әлеуметтік желіде 9 мамыр Жеңіс күніне орай Z белгісі бар әскери киімдер мен костюмдерді жалға беретін компаниялар көпшілік талқысына түскен.

«Ұлттық қауіпсіздік органдары карнавал костюмдерін жалға беретін ұйымдарды ұлтаралық араздықты қоздыруға ықпал ететін әскери киім мен Z символы бар костюмдерді жалға бермеуге, сондай-ақ қала тұрғындарын 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай өтетін «Мәңгілік полк» шеруінде аталған киімді кимеуге шақырады», – делінген хабарламада.

Фото: Қырғызстан ҰҚМК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ҰҚМК ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайта оралған қазына: қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Қабірхана есігіне қатысты тың деректер белгілі болды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі реставрациялық жөндеу жұмыстарынан кейін Әзірет - Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының «Сирек...