Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Қазақстанда алтын құймаға сұраныс артты – Ұлттық банк

Танымал

Ел аузында

Қазақстандықтар 2022 жылдың наурызында 2021 жылмен салыстырғанда алтын құймаларды 2,9 есе көп сатып алған. Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2022 жылғы наурызда екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттері жалпы салмағы 167,2 келі 8 269 құйма сатты, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп (салмағы 48,2 келі 2 898 құйма).

Сатылымның ұлғаюына алтынға инвестиция құюға қызығушылығы артқан халықтың сұранысы ықпал етіп отыр. Себебі қаржы нарығындағы белгісіздік пен валюта бағамы құбылмалы болып тұрған шақта көпшілік бұған жинақтарының сақталуын қамтамасыз етудің баламалы құралы ретінде қарайды», – делінген хабарламада.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқаны айтылды. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3 тоннаға жуық 87 531 алтын құйма сатылған.   РЕКЛАМАhm.comПерейтиРЕКЛАМА

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм.

«Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 27 пайыз, яғни, 23 390 дана. Одан кейін 20 грамдық  құйма сұранысқа ие, 18 178 дана (21 пайыз), 100 грамдық құймадан 18 034 дана (20 пайыз), 5 грамдық құймадан 16 834 дана (19 пайыз), 50 грамдық құймадан 11 095 дана (13 пайыз) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады», – деді ҰБ өкілдері.

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пункттері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады. Бағдарлама  басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пункттер жалпы салмағы 303,3 келі 12 367 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 14 пайызы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы Ұлттық банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...