Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10.6 C
Nur-Sultan
18.8 C
Almaty
19.9 C
Shymkent

Қырғызстан ҰҚМК 9 мамырда Z әрпі бар киімдерді кимеуге шақырды

Танымал

Ел аузында

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 9 мамырды атап өту кезінде Z әрпі бар киімдерді кимеуге шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан ҰҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарына қарағанда, әлеуметтік желіде 9 мамыр Жеңіс күніне орай Z белгісі бар әскери киімдер мен костюмдерді жалға беретін компаниялар көпшілік талқысына түскен.

«Ұлттық қауіпсіздік органдары карнавал костюмдерін жалға беретін ұйымдарды ұлтаралық араздықты қоздыруға ықпал ететін әскери киім мен Z символы бар костюмдерді жалға бермеуге, сондай-ақ қала тұрғындарын 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай өтетін «Мәңгілік полк» шеруінде аталған киімді кимеуге шақырады», – делінген хабарламада.

Фото: Қырғызстан ҰҚМК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ҰҚМК ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Благодарна народу Великой Степи

Уже завтра мы отметим удивительный праздник, в основе которого находиться такое моральное человеческое чувство как Благодарность.Огоромную благодарность казахскому народу,...