Жыл басынан бері Қостанай облысында 84 жол-көлік апаты тіркелді.
Қостанай-Әулиекөл-Сұрған трассасында болған жол апатынан үш адам көз жұмды. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«26 жастағы «Тойота Эстима» (нөмірі Ресей есебінде тұрған) автокөлігінің жүргізушісі, Жітіқара қаласының тұрғыны Нұр-Сұлтанға қарай бет алып, «КамАЗ»-ға тиелген автокөлікке соғысты. Қарсы бағытта Қостанай облысының 1994 жылы туған жүргізуші отырған», – деді Ерлан Омарбеков.
Апат нәтижесінде «Тойота Эстима» жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы түрлі жарақатпен Әулиекөл аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне түсті.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Жыл басынан бері Қостанай облысында 84 жол-көлік апаты тіркелді. Жалпы 19 адам қайтыс болып, 98 адам жарақат алды.