Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

HUAWEI бірден екі флагмандық өнімінің сатылымын бастады

Танымал

Ел аузында

HUAWEI Қазақстанда екі флагмандық өнім HUAWEI P50 Pro смартфоны мен HUAWEI MatePad 2022 планшетінің сатылымға шықты. 2022 жылдың 1 сәуір мен 8 сәуір аралығында жаңа үздік құрылғыларды арнайы бағамен сатып алуға болады:

HUAWEI P50 Pro жаңа бағасы 599 990 теңгенің орнына 549 990 теңге. Бұл ретте P50 Pro смартфонының әрбір сатып алушысы сыйлық ретінде Watch Fit Elegant смарт сағатын алады;
MatePad 10.4 4+128 LTE жаңа бағасы 204 990 теңгенің орнына 169 990 теңге;
MatePad 10.4 4+64 LTE – жаңа бағасы 189 990 теңгенің орнына 154 990 теңге.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фань Цзиньюн:

«Біз үлкен мақтанышпен флагмандарды Қазақстанда таныстырамыз. Бұл құрылғылар Huawei компаниясының инновациялар мен зерттеулерге үлкен мән беретіндігінің тамаша дәлелі болып табылады. Жақында компанияның жаһандық өкілдігі 2021 жыл қорытындысы бойынша есепті жариялған болатын. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық шығындар компанияның жылдық табысының 22%-н немесе 142,7 миллиард юаньды құрады. Мұның бәрі әрбір қолданушы қуанышы мен біздің құрылғыларымыздың ең кішкентай бөлшектері мен функцияларындағы жаңашылдықты бағалап, қуаныншқа бөленуіне бағытталады»

HUAWEI P50 Pro смартфоны – аңызға айналған Leica брендімен бірлесіп жасалған премиум дизайны мен жоғары технологиялық камерасы бар көптен күткен құрылғы. 2021 жылы бұл құрылғы әйгілі DXOMARK IMAGE LABS француз компаниясының нұсқасы бойынша ең жақсы камералары бар үздік смартфондар арасында 1 орынды иеленді. P50 Pro True-Chroma Shot, ультра жоғары ажыратымдылықтағы кескін сапасы және смартфондардың супер HDR тәртібінде түсіру мүмкіндігімен ерекшеленетін жетілдірілген кәсіби камера тәжірибесін ұсынады.

P50 сериялы дисплей P3 кең түсті гамма стандартын қабылдайды, нәтижесінде жазу және көру үшін қанық және дәлірек түстер болады. P50 Pro экраны 1,07 миллиард түсті және True-Chroma дисплей технологиясын қолдайды. Әрбір дисплей бүкіл экранда дәлірек түстерді беру үшін кәсіби түрде іріктелінген.

Еске салайық, құрылғының жалпы сипаттамалары 6,6 дюймдік дисплей, қалыңдығы 8,5 мм, батареясы 4360 мАч және салмағы шамамен 195 г, сондай-ақ шаң мен судан қорғау IP68 стандарты бойынша жасалған.

Екінші жаңа өнім – HUAWEI MatePad 2022 планшеті үнемі желіде онлайн болатын адамдарға, оның ішінде студенттерге, жоғары сынып оқушыларына немесе кеңсе қызметкерлеріне арналған. Мұндай планшет қазіргі мамандардың көптеген оқу және жұмыс қажеттіліктерін қанағаттандырады. Өндіруші әу бастан планшетті мүмкіндігінше жұқа және жеңіл етіп жасауды мақсат етті, осылайша пайдаланушылар оны кез келген жерде өзімен бірге алып жүре алады.

Жоғары сападағы суретті экранды көру өте оңай. Күнделікті жұмысқа және оқуға арналған планшет ретінде, HUAWEI MatePad TÜV қос сертификатқа ие. Rheinland Eye Protection пайдаланушылардың көздерін көк жарықтан және электронды құрылғылардың экранының жыпылықтауынан қорғай отырып, көрнекі әсерді азайту мүмкіндігін дәлелдейді, бұл әсіресе ұзақ пайдалану кезінде көздің шаршауын тудыруы мүмкін. TÜV Rheinland Low Blue Light және Flicker Free сертификаты HUAWEI Matepad экранында төмен экранда көк шам барын және стробоскоптың жоқ екенін растайды.

Көзге ыңғайлы болу үшін мектеп оқушылары мен студенттер интернетті шолу немесе оқу кезінде «қағаз» оқу пішімін қамтамасыз ете отырып, электрондық кітап тәртібін қоса алады.

HUAWEI Consumer Business Group туралы:
HUAWEI өнімдері мен қызметтері 170-тен астам елде қолжетімді, ғаламшардың үштен бір халқы пайдаланады. Компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты мемлекеттерде 14 ғылыми-зерттеу орталығын ашты. HUAWEI Consumer BG — смартфондарды, ноутбуктар мен планшеттерді, тасымалдайтын электрониканы, мобильді кеңжолақты кіру құрылғыларын, үйге арналған шешімдерді, сондай-ақ бұлттағы қызметтерді әзірлеумен және өндірумен айналысатын HUAWEI компаниясының үш бизнес бөлімшелерінің бірі болып табылады. HUAWEI ғаламдық желісінің артықшылықтары, дүние жүзіндегі операциялық қызметтерінің көлемі және дамыған серіктестік желісі телекоммуникация саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...