Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Елімізде бір айда амбулаториялық қызмет бағасы 4%-ға өскен

Танымал

Ел аузында

Осы жылдың наурыз айында амбулаториялық қызметтердің бағасы бірден 3,5%-ға өсті. Жыл басынан бері баға 6,1%-ға, бір жылда – 9,7%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өңірлер бойынша бір айда Ақмола облысының тұрғындарына бағаның өскені қатты білінді. Мұнда қызмет құны бірден 9,5%  көтерілген. Алғашқы үштікте Алматы облысы (7,7%) және Алматы (6,1%) қаласы бар. Қазақстанның 17 өңірінің 4-еуінде бағалар бұрынғы деңгейде қалды. 

Жыл басынан бері баға Түркістан облысында бірден 12,5%-ға, Ақмола облысында — 9,5%-ға, Алматы облысында – 8,5%-ға өсті. 
Айлық динамикада дәрігердің алғашқы қабылдауы наурыз айында 4,3%-ға, стоматологиялық қызметтер — 3,4%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері — 3%-ға, амбулаториялардағы маман дәрігерлердің қызметтері – 2,4%-ға қымбаттады. 

Осы жылдың наурыз айында дәрігердің алғашқы қабылдауы ел бойынша орташа есеппен 3,9 мың теңгені құрады. Ірі қалалар арасында алғашқы қабылдау Атырау (5,2 мың тг), Нұр-Сұлтан (5,1 мың тг) және Алматы (4,9 мың тг) қалаларында қымбат болды. Ең арзан қызмет Түркістанда (2,5 мың тг).

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...