Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қандас мәртебесін онлайн алуға болады

Танымал

Ел аузында

Ол үшін өтініш берушілердің ЖСН және электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы шарт.

Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту мемлекеттік қызметтері енді eGov.kz порталында қолжетімді болды. Ол үшін өтініш берушілердің ЖСН және электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы шарт деп хабарлады turkystan.kz.

Қызметті алу үшін өтініш беруші барлық міндетті сауалдарға жауап беріп, сұратылған құжаттарды қоса беруі қажет. Файлдар pdf немесе jpg форматында болуы керек.

Өтінім берген кезде пайдаланушы қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қажет отбасы мүшелері бойынша да мәліметтерді толтыра алады. Отбасы мүшелерінің саны шектеусіз. Одан әрі қолжетімді тәсілдердің бірімен цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.

Ұсынылған деректер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы тексеріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 4 жұмыс күні. Өтініште ұсынылған құжаттар мен мәліметтер дұрыс болмаған жағдайда, пайдаланушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

Нәтижелер электрондық құжат түрінде пайдаланушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...