Танымал блогер Дәулеттің үшінші перзенті дүниеге келді

Танымал

Ел аузында

Танымал блогер Дәулет Мұқаевтың (dauletten) үшінші перзенті дүниеге келді. Ол қызды болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Сүйінші хабарды блогер халыққа өзі жеткізді. 

«Сүйінші. Қазақ еліне +1 ару. Алланың қалауымен үшінші мәрте ата-ана атандық. Менің 30 жасыма Алланың берген сыйлығы. Лаура, жарайсың. Құшағың гүлге тола берсін, Пончик жаным. Жастарға жұғысты болсын», – деп бөлісті ол. 

Мұқаев бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні екенін атап өтті. 

Айта кетейік, баспаналы болудың жолдарын айтып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттырамын деп жүрген Дәулет Мұқаевтың жаңа туған сәбиден бөлек, бір қызы мен бір ұлы өсіп келеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды насихаттау және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...