Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.3 C
Nur-Sultan
22.7 C
Almaty
27.6 C
Shymkent

Референдумнан кейін президенттің өкілеттігі қалай өзгереді – Саясаттанушы түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда 5 маусым күні конституцияға өзгеріс енгізуге арналған республикалық референдум өткізу белгіленген. Алайда көпшіліктің арасында референдумнан кейін не өзгеретіні, қандай заңдардың алынып тасталатыны жөнінде түрлі болжамдар бар. Белгілі саясаттанушы Марат Шибұтов референдумнан кейін президенттің өкілеттігі қандай жолмен қысқаратынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шибұтовтың сөзінше, конституцияға президенттің өкілеттіктеріне қатысты мынадай түзетулер енгізіледі:

1. ҚР президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде ешбір саяси партияның мүшесі болмауы тиіс.

2. ҚР президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы болмайды.

3. Президент 15 сенатордың орнына тек 10-ын ғана тағайындай алады.

4. Жоғары сот кеңесінің төрағасын тағайындау үшін президент сенаттың келісімін алуы керек.

5. Егер бұрын президент облыс/республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына мәслихат депутаттығына 1 кандидатты ұсынса, өзгерістерден кейін кемінде 2 кандидатты ұсынатын болады.

6. Президент облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері актілерінің күшін жоя алмайды немесе оны тоқтата алмайды.

Саясаткер осы өзгерістерден кейін президенттің билікке тағайындалған туыстарының немесе партия басшылығын тағайындау арқылы саясатқа ықпал ету мүмкіндігі төмендеп, бұл парламентті тәуелсіз ететініне сенім білдіреді.

«Өзге аймақтар үшін де президенттің рөлі төмендей түседі. Посткеңестік елдерде (Әзірбайжан, Түркіменстан, Тәжікстан келесі кезекте) билікті ұрпақтан ұрпаққа қалдырып жатқан уақытта бұл сөзсіз алға жылжудың белгісі», – дейді Марат Шибұтов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...