Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Bek Air апаты: Алматы облысында бірнеше шенеунік сотталды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысына қарасты Талғар ауданында бұрын әкімдікте істеген бірқатар лауазымды тұлға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Іс материалдарына сәйкес, 2017-2019 жылдары сотталушылар Қызылту ауылынан тыс жердегі мемлекет меншігіндегі бос жерлерді иеліктен заңсыз шығарған. Шенеуніктер бұл әрекеті арқылы жеке бас байлығын көздеген. Талғар ауданы сотының 2022 жылғы 10 маусымдағы үкімімен:

  • Талғар ауданы әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы бастығы Марат Рыспеков 6 жылға;
  • Талғар ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Мақсат Тыныбай 6 жыл 3 айға;
  • Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов 8 жылға;
  • Панфилов ауылдық округі әкімінің бұрынғы орынбасары Құрманхан Галиева 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал Талғар ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімі бастығының міндетін атқарған Мадияр Қадыржан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазадан босатылды.

Барлық сотталғандар енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын.

Bek Air әуе компаниясының ұшағы бетон дуалға құлап, Алматы маңындағы жеке үйді қағып кеткен.

Ұшақ апатынан 12 адам қайтыс болды, 69 адам жарақат алды. 2020 жылы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі тергеумен қатар Талғар ауданы әкімдігінің шенеуніктеріне қатысты жер учаскелерін заңсыз беруге және жер учаскелерінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертуге байланысты екінші қылмыстық іс ашты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...