Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Алматыда университеттің бірі 117 миллион теңгеге кітап сатып алмақ болған

Танымал

Ел аузында

Биыл мегаполистегі жоғары оқу орындарының бірінде 117 миллион теңгеге бір дана кітап сатып алу жоспарланған. Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу жүйесіне жүргізілген мониторинг барысында кітап сатып алу барысындағы қымбатшылық фактісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мониторинг барысында сипаттамаларда тауардың атауы, сондай-ақ жоғарыда аталған кітаптың авторы көрсетілмегені анықталды», – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Тендер өткізілмейтін болды. Мекемеде атап өтілгендей, мемлекеттік сатып алу порталында жылдық жоспарды орналастыру кезінде техникалық қателік жіберіліп, онда жоспарланған жұмыс бойынша бір кітап емес, бір лот көрсетілген.

Айта кету керек, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылға арналған мониторинг бойынша 13 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойған.

Еске салсақ, Атырауда масаны улауға 130 млн теңге бөлінген. Белгілі болғандай, қалада масаның үш түрі мекендейді, жәндіктер жаңбыр жауған жерлерде көбейеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...