Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қазақстанда аяқ киім бағасы қымбаттады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда жыл басынан бері тігілген отандық өнім былтырғымен салыстырғанда 13 пайызға азайған. Қазақстандық тігіншілер шикізаттың денін шетелден алғандықтан да баға қымбаттауы мүкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

“Цехте жерде 15 адам жұмыс істейді. Күнделікті график сағат таңғы 8 ден кешкі 5 ке дейін істейміз. Күніне 50 аяқ киімдей шығарылады”, – дейді қызметкерлер.

Алты жылда аяққа тұрған бұл цех негізінен ерлердің аяқ киімін тігуге машықтанған.

Өзіміздің өнім деп ауыз толтырып айтқанмен, шикізаттың денін өзге елден тасуға мәжбүр. Өйткені, Қазақстанда өндіріске қажет затты шығару әлі күнге жолға қойылмаған.

“Негізінде шикізаттар бізде Италиядан, Турциядан алынады және Қазақстаннан. Мысалы, мына теріні алатын болсақ бұл түрлі түсті тері аяқ киімнің бетін жасағанға арналған. Бұл терілерді біз Түркиядан алатын боламыз. Өйткені, Қазақстанда терілер жасалады, бірақ мысалға мына тері Қазақстанда жасалған. Қазақстанда көбінесе қара түсті және қалың терілер жасалады. Ол тек қана көбінесе әскери аяқ киімдерге арналған”, – дейді тігінші Нұрай Қадыржан.

Жіптің өзі Италиядан жеткізіледі. Жан жақтан тірнектеп шикізатын жинап, аяқ киімін тігіп жатқан кәсіпкерлер ең болмаса Түркиядағыдай пайызсыз несие берілмесе, отандық өндірістің өркендеуі туралы айту әлі ерте дейді.

Отандық нарықтағы ахуалды «Етікші етікке жарымайды» деген бір ғана мақалмен бағамдауға болады. Өйткені, азаматтарымыз тұтынантын аяқ-киімнің 96 пайызы шетелден келеді. Біз тек 4 пайызын ғана жабамыз. Оған қоса шикізаттың жартысынан көбінің шекара ар жағынан жетуі бұл саланың дамуына тікелей қолбайлау болып тұр.

Енді дүкендегі бағаға тоқталайық. Биыл аяқ киім құны 9,7 пайызға күрт қымбаттады. Соңғы төрт жылдан бері мұндай өсім байқалмаған. Әлемдегі геосаяси жағдай да тасымалдың тұсалып, бағаның шарықтауына әкеп соқты. Дегенмен, отандық өндірушілер біздің өнім шетелдік тауардан әлдеқайда арзан дейді.

“Түркияның аяқ киімімен салыстырсақ сапасынан біз кем емеспіз. Бірақ бағасынан біз Түркияның бағасынан 30-40 пайыз арзан біздің тауар. Қытайдың тауарынан 20 пайыз арзан біздің тауар. Сондықтан, қазір Қазақстанның аяқ киім  дүкендері бізге келіп аяқ киім алып жатады”, – дейді кәсіпкер Дәурен Раманқұл.

Отандық өнім елдің тек 4 пайызына жететінін есептесек, бұл теңізге құйған тамшымен тең. Бізде бар жоғы  аяқ киім шығартын 53 шағын және орта кәсіпорын бар.  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық өндіріс көлемі былтырғымен салыстырғанда 2,5 пайызға төмендегенін растайды. Оны кәсіпорындардың негізінен әскери және арнайы аяқ киімді тапсырыспен тігулерімен байланыстырады.

“2023 жылдың аяғына дейін тағы екі кәсіпорын іске қосылады деген жоспар бар. Инвестиция көлемі 7 млрд теңгені құрайды. Әрине, отандық өнімнің үлесі өте төмен. Импорт 96-97 пайызды құрайды. Негізінен Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркиядан келеді. Бізде модельді аяқ киім тігетін кәсіпорындар біртіндеп көбеюде. Сондықтан, бұл салада алдағы уақытта оң өзгеріс болады деп күтеміз”, – дейді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жеңіл өнеркәсіп басқармасының бас сарапшысы Әлия Бұқабаева.

Министрлік аяқ-киім бағасы бақыланбайтынын ашық айтып отыр. Тасымалдау, инфляция сайып келгенде құнның құбылуына тікелей әсер етеді.  Сондықтан бір жылда 9,7 пайызға бір-ақ көтерілуі -бұл әлі шарықтау шегі емес.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...