Нығматуллиннің күйеу баласы қызметінен кетті

Танымал

Ел аузында

Айта кетейік, ол – Нұрлан Нығматулиннің сыңары Ерлан Нығматулиннің күйеу баласы. Ал оның әйелі Малика Бектұрова 2016-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Азат Бектұров «Қазаэронавигация» бас директоры лауазымынан өз еркімен босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылдың 23 тамызында Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Азат Бектұров өз еркімен қызметінен босатылды. Министрлік Бектұровтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткенін хабарлады.

Азат Бектұров 2014 жылдың тамызынан бастап «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметі атқарды.

Айта кетейік, ол – Нұрлан Нығматулиннің сыңары Ерлан Нығматулиннің күйеу баласы. Ал оның әйелі Малика Бектұрова 2016-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда дербес деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктері талқыланды

20 мамыр күні Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлтты педагогикалық унивенситетінде «Астана» Халықаралық университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында дербес деректерді...