Алматы полицейлер әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты тексерістің басталғанын мәлімдеді. Кадрлардан белгісіз адамның жанып жатқан оттың жанында тұрғанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Мынаны қара. Қайда жүгіну керек, төтенше жағдайлар департаментіне ме?» – дейді видео авторы.
Пікір қалдырған желі қолданушылары белгісіз адамды «диверсант» деп атады. Сонымен қатар тауда әдейі өрт қоюы мүмкін деп болжады.
Бостандық ауданы полиция басқармасында видеодағы орынның анықталғанын мәлімдеді.
«Қазір полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Қаладағы бейне бақылау жүйесіндегі мәліметтер тексеріледі. Бұл әрекетті жасаған азамат анықталып, жауапқа тартылады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 6 қыркүйекте Кеңсайдағы өрттен кейін Көк-Төбе маңында да өрт басталған еді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.