Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

«Елді тонаған адамға астананың атын беруге болмайды»: Кезінде Нұр-Сұлтан атауын қолдаған тағы бір ақын сөзінен тайқып шықты

Танымал

Ел аузында

Оған дейін мен Назарбаевтың екім екенін шын мәнінде білген жоқпын.

Парламент Мәжілісінің жанындағы «Жаңа Қазақстан» тобы елорданың бұрынғы атауы Астананы қайтаруды көтерді. Кезінде белгілі ақын-жазушылар бас қаланың Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдаған болатын. Мәселен белгілі ақын Серік Ақсұқарұлы «Әлеуметтік желідегілер айта берсін. Мен Астананың «Нұр-Сұлтан» атануын қолдаймын» деген еді. Ақын ағамыз енді Нұр-Сұлтан атауынан азар да безер болып отыр.

– Кеше Мәжілістің жанындағы «Жаңа Қазақстан» тобы бас қаланың Нұр-Сұлтан атауын Астанаға ауыстырайық деп бастама көтерді. Депутаттардың бұл ұсынысына қалай қарайсыз?

– Дұрыс. Өте дұрыс. Егер «Жаңа Қазақстан» құратын болсақ бізге Нұр-сұлтаннан арылу керек. Астананың бұрынғы атауын алып келу керек. Халықтың талабы дұрыс қой.

 Бұл жүзеге асады деп ойлайсыз ба?

– Енді билік «Жаңа Қазақстан» құрғысы келсе асады, құрғысы келмесе аспайды ғой.
– Сіз бұған дейін астанаға Нұр-Сұлтан атауы берілген кезде қолдаған екенсіз. «Әлеуметтік желідегілер айта берсін. Мен өзім астананың атын Нұрсұлтан еткенді қолдаймын» депсіз…
– Ол кезде қаңтар қырғыны болған жоқ. Шын мәнісінде Назарбаевтың астананы салғаны рас қой. Бұл жерде Назарбаевтың еңбегі бар. Ол кезде қаңтар қырғыны болған жоқ. Одан бұрын Назарбаевқа сенімім мол еді. Кейіннен сеніміміз көкке ұшты ғой. Мен ғана емес, бүкіл ел оның кім екенін қаңтар қырғынан кейін білді ғой.

– Сонда қаңтар көтерілісін ұйымдастырған Назарбаев па?

– Ол жағын білмеймін. Бірақ не болса да оның бауырлары ұйымдастырды ғой. Бүге-шүгесіне дейін білмеймін. Бірақ қаңтар бүлігінде бұ кісі абыройдан айырылып қалды.

– Кезінде ақын-жазушылардың көпшілігі Нұр-Сұлтан атауын қолдаған болатын. Енді сіз қарсы болып отырсыз. Бұл біздің ақын-жазушылардың екіжүзділігі емес пе?

– Олай емес. Қазақстанның алғашқы құрылған кезінен бастап, шын мәнінде Тәуелсіздікті орнатуда Назарбаевтың еңбегі болды. Астананы салып, Қазақстанның шекарасын шегендеді. Рас па? Бұл тарихи факті ғой. Былықтың бәрі кейіннен шықты ғой.

– Сіздің кезінде айтқан сөзіңізді оқып берейін. «Нұрсұлтанның еңбегін әлі жұрт сезбей отыр. Әлеуметтік желідегілер айта берсін. Оның еңбегін 50 жылдан кейін ғана бағалайтын болады» деген екенсіз…

– Мен ол кезде халық қателесіп отыр, замандастары бірін бірі бағаламайды, халық 50 жылдан кейін баға береді деп ойлағанмын. Қаңтар қырғынан кейін дүние 180 градусқа күрт өзгерді ғой.

– Демек кезінде халық дұрыс қарсы болған ғой…

– Значит ол кезде олар бірдеңені білген. Халықпен ойнауға болмайды. Халық бәрін біледі.

– Қарапайым халық білген нәрсені атыңыз қалыптасқан ақын ретінде сіздің білмегеніңіз ыңғайсыз емес пе?

– Ондай болады. Өйткені мен осы тәуелсіздіктің кезінде астананы салып, шекараны белгілегенін қуана қолдадық. Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіргені стратегиялық жағынан жұрыс болды. Мұны мен Ресейдің отаршылдық саясатына қарсылық деп есептеймін. Біздің арқа орыстанған жер ғой. Міне осындай жерге астананы салғаны дұрыс болды. Енді оның бәрін өзінің мүддесі үшін жасапты ғой. Шын мәнісінде бірінші президентті құрметтегенім рас. Бірақ ол қаңтар оқиғасында артын ашып алды ғой.

– Сол кезде Тоқаевтың астанаға Нұр-Сұлтанның атауын беруі дұрыс шешім болды ма?

– Енді қарап отырсақ дұрыс емес екен. Саясат деген сынап секілді құбылып тұрады. Оны көп адам біле қоймайды. Біз қанша жерден интелегент болғанымызбен ол жағын болжай алмаймыз. Саясатта осындай пәлелер болады.

– Қоғамда ақын-жазушылар жағымпаз деген сөз бар…

– Өтірік. Менің жағымпаздық бірде бір әрекетім жоқ. Мен оны мақтап, марапаттап поэма жазған жоқпын.

– Кезінде сіздің Нұр-Сұлтан атауын қолдап, қазір оған қарсы болып жатқаныңыз екіжүзділік емес пе?

 Ол екі жүзділік емес. Білместіктен болды. Қаңтар оқиғасына дейін бәрін дұрыс жасады, оның еңбегі дұрыс деп ойладық. Бірақ қаңтар оқиғасы кейін біз оның кім екенін көріп, білдік. Төбемізден жай түскендей болды.

– «Әлеуметтік желідегілер айта берсін» деп халықтың шырылына неге мән бермегеніңіщ қалай?

– Алғашқы президентті істеген жақсы жұмыстары бар. шын мәнісінде ол тәуелсіздікті жариялап, 30 жыл бойы халықты биледі. Бірақ 30 жылда біз оның не істеп жатқанын білмедік. Қаңтар оқиғасы болмаса біз оны әлі білмей отырар едік. Қаңтар оқиғасында өз арттарын өздері ашты ғой.

– Кезінде Тоқаевтың астанаға Нұр-сұлтан атауын беруі қате шешім болды ма?

– Қазіргі жағдаймен қарағанда қате болды. Ол кезде бәрі дұрыс деп бәріміз қолдағанбыз. Өйткені елдің байлығын тонаған адамға астананың атын беруге болмайды екен. Біз кезінде оның мұндай екенін білген жоқпыз.

– Кейбір ақын-жазушылар астанаға Нұр-сұлтан атауын беруге қарсы шығып, тым болмаса үндемей қалды. Сіз әріптестеріңіздің алдына шығып, Нұр-Сұлтан атауын неге қолдап шықтыңыз?

– Біз президент жақсы болса елде жақсы болады деп ойладық. Дәл осындай адам екенін білгеніміз жоқ. Сондықтан біз президентті қолдадық. Өйткені оның 30 жылғы еңбегін жоққа шығаруға болмайды ғой.

– Мүмкін Нұр-сұлтан атауын қалдыру керек пе еді?

– Жоқ қалмау керек, енді қалдыруға болмайды. Қаңтар қырғыны болмаса біздің бұған деген көзқарасымыз баяғыдай болушы еді. Қаңтар оқиғасынан кейін бұл адамның кім екенін байқап, білдік. Бір отбасынан 30 жылда 5-6 миллиардер шығару сұмдық қой. Мұндай жағдай капитализмнің алтын бесігі саналатын Ұлыбританияда да болмапты.

– Сіз айтып отырған байлық қаңтар көтерілісі болмай тұрып бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жүрді ғой…

– Шын мәнінде білмей қалдым. Еліміздің бірінші президенті таза болып шықса екен деген ойлап едім. Бірақ ондай болмай қалды.

– Өзіңіз секілді үлкен азаматтардың лас саяси ойындарға араласу не үшін керек?

– Бізді «Мына мәселені қолдаңдар» деп әдейі араластырады ғой. Сен бұл елдің механизмін жақсы білесің. Жолдау шыққан сайын қолдаңдар деп сөз салады. Біздің мазамызды алған соң қолдаймыз, басқа не істейміз?

– Қарсы болып немесе қалыс қалуға болмай ма?

– Ол кезде Назарбаевқа қарсы емес едім. Менің Назарбаевқа қарсылығым қаңтар оқиғасынан кейін басталды. Оған дейін мен Назарбаевтың екім екенін шын мәнінде білген жоқпын.

arasha.kz

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...