Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-1 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Түркістан қаласының полицейлері 10 жайт пәтерлік ұрлығына күдіктілерді ұстады

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреулер оның үйіне кіріп, ақша, алтын бұйымдар, парфюмерия мен қол сағатын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі жарты миллион теңгеден асты.

Осындай шағыммен полицияға тағы бірнеше жәбірленушілер жүгінді, олардан ұрылар құнды заттарды жымқырған.
Аталмыш пәтер ұрлығын ашу мақсатында, Түркістан қ. ПБ-да тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары ауланы аралап, ықтимал куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады. Сезікті екеу Түркістан қаласының тұрғындары болып шықты.

Белгілі болғандай, күдіктілер жәбірленушілердің үйлерінде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, терезе арқылы кіріп, кез-келген құнды заттарды, техниканы, алтын бұйымдар мен ақшаны қолды еткен. Содан кейін ұрланған бөтеннің мүлкінің бір бөлігін ломбардқа өткізіп, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Тергеу барысында жас жігіттердің жалпы көлемі 2 миллион теңгеден асатын 10 дерек пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі уақытта осы жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полицейлер күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...