Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған 7 бас жылқысын тауып берді

Танымал

Ел аузында

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 7 бас жылқысының жоғалып кеткендігі туралы айтып, оны табуға көмек сұраған. Ол жылқыларының Ынталы ауылына қарасты егістік алқапта жайылымға жібергенін, оларды іздеп барғанында сол аймақтан таба алмағандығын айтып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгеге жуық болған. Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Ауыл-аймақты толық тексеріп, бақташылардан жауап алды. Жүргізілген іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған жылқылар бірнеше күн ішінде көрші ауылдан табылды. Яғни, 10-15 шақырымдық жерде жайылып жүрген.

Осылайша тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды тауып, өз иесіне табыстады. Өз кезегінлде полиция қызметкерлерінің атқарған қызметтеріне риза болған тұрғын М. Кенжебаев: «Мен жылқыларымды жоғалтып алып, өз бетімше 3 күн іздеп таба алмадым. Содан тәртіп сақшыларына хабарластым. Олар 5 күнге жеткізбей жылқыларымды тауып берді. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Оның ішінде учаскелік поилция инспекторларына мың рақмет! Жұмыстарыңыз өрге баса берсін!»-деп, алғысын айтты.

Түркістан облысының полицейлері малыңыз ұрланып немесе жоғалған жағдайда, ізін суытпай табу үшін, 102 нөмеріне қоңырау соғу керектігін ескертеді.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...