Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Алматылық хирургтар күрделі ота жасап, жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды

Танымал

Ел аузында

Қалқаман ауруханасының дәрігерлері ішек жолдары бітелген жүкті әйелге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен аса күрделі операция жасады, деп хабарлайды №7 Қалалық клиникалық аурухана баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, жүктілігіне 20 апта болған 27 жастағы келіншек аурухананың қабылдау бөліміне шұғыл түрде жеткізілген. Пациент ішінің жоғарғы жағы шаншып ауыратынын, жүрегі айнып, құсатынанын және іші жиі кеуіп кететінін айтып шағымданған.

Мультидисциплинарлық команда арнайы тексерулер жүргізді, шұғыл түрде консилиум өткізіліп, тез арада хирургиялық операция жасау туралы шешім қабылданды.

«Жамбастағы жарық пен абдоминалды жабысқақ ауруының асқынуы салдарынан ішек жолдары бітеліп қалған. Нәтижесінде пациенттің жағдайы ауырлап, өміріне қауіп төнген. Ана мен баланың өмірін сақтап қалу мақсатында аса күрделі лапаротомиялық операция жасалып, ішек жолдары ашылды», — дейді ота жасаушы дәрігер, аурухананың №1 хирургия бөлімшесі жетекшісі Нұрлан Мәуленов.

Ота 2,5 сағатқа созылды. Білікті мамандардың арқасында бүгінде ана да, жатырдағы шарана да дін-аман.

«Мен де, отбасым да №7 ауруханаға ризамыз. Балам екеуміздің жанымызды сақтап қалған дәрігерлерге алғысымыз шексіз», дейді пациент.

Көпбейінді аурухана болғандықтан пациент операциядан кейін гематолог, гинеколог, нефролог, терапевт мамандардан кеңес алып, отбасына оралды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...