Түркістан облысында 3 тәулікте 4000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің бұйрығына сәйкес мереке күндері жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарды. Тәртіп сақшылары құқықтық тәртіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде тәулік бойы қызметте болды.

Сондай-ақ түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыс атқарды. Мәселен 2023 жылдың алғашқы 3 тәулігінде 54 қылмыс тіркеліп, оның 45-і ашылды. Сонымен қатар облыс бойынша 4000-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Мас халде көлік басқарудың 1 жайты анықталып, айыптұраққа 31 автокөлік қойылды. Сондай-ақ полицейлер өңірге жаңбыр аралас қалың қар түсіп, желдің қатты соғуына байланысты жолдарда патрульдеу жұмыстарына жұмылдырылды.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда студенттерге арналған заманауи жатақханалар саны артады

Алматы қаласындағы студенттік жатақханаларды салу жөніндегі жобалық кеңсе инвесторларды жаңа құрылыс пен қайта жаңғырту жобаларына қатысуға шақырады. Жоба мемлекеттік...