Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-22 C
Nur-Sultan
-15.1 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

Түркістан облысында 3 тәулікте 4000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің бұйрығына сәйкес мереке күндері жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарды. Тәртіп сақшылары құқықтық тәртіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде тәулік бойы қызметте болды.

Сондай-ақ түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыс атқарды. Мәселен 2023 жылдың алғашқы 3 тәулігінде 54 қылмыс тіркеліп, оның 45-і ашылды. Сонымен қатар облыс бойынша 4000-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Мас халде көлік басқарудың 1 жайты анықталып, айыптұраққа 31 автокөлік қойылды. Сондай-ақ полицейлер өңірге жаңбыр аралас қалың қар түсіп, желдің қатты соғуына байланысты жолдарда патрульдеу жұмыстарына жұмылдырылды.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайырымды кәсіпкер – қоғам тірегі

Қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыруда кәсіпкерлердің рөлі ерекше. Әсіресе, балаларға бағытталған қайырымдылық бастамалар – ел болашағына жасалған нақты қадам. Осы...