Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Түркістан облысында боранды күні 1000-нан астам жолаушы құтқарылды

Танымал

Ел аузында

Күні кеше Түркістан облысы аумағында қар қалың жауып, қатты желдің әсерінен Бәйдібек, Қазығұрт, Кентау, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандары арқылы өтетін республикалық, облыстық, ауданаралық маңызы бар жолдар жабылды.
Жабылған жолдар бойынша 11 учаскеде Түркістан облысының полицейлері қызмет етті.
Аталған учаскелерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция қызметкерлерінің 41 техникасы, ал басқа да құзырлы мекемелерден жолдарды тазартуға жалпы 73 арнайы техника жұмылдырылды.
Полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп 114 автокөлікте болған 261 адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Ал Алматы бағытына қарай жол тартқан 594 автокөлік учаскелерде тұрақтады.
Оның ішінде 325-і үлкен салмақты жүк көлігі (фура), 37-сі «Газель» жүк көлігі, 70-і жолаушылар автобусы, 50-і жолаушылар микроавтобусы, 112-сі жеңіл автокөліктер.
Ондағы 800 адам мешіттерге, 400 адам жақын маңдағы қауіпсіз орындарға орналастырылды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Fix Price Қазақстандағы ең қарқынды дамып жатқан non-food ритейлерлердің бірі атанды

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Fix Price дүкендер саны 349-ға жетіп, бір жыл ішінде 62 сауда нүктесіне көбейді. INFOLine аналитикалық агенттігінің...