Еліміздің 8 өңірінде оқушылар мектепке бармайды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар бірінші ауысымдағы сабақты онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Абай облысында 9 қаңтар күні Семей және Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Аягөз аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері онлайн білім алады. Қалған аудандарда сабақ әдеттегідей офлайн режимде өтеді.

Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында 0-11 сынып оқушылары үйде қалады.

Қостанай облысында облыс орталығы мен Рудныйда, Амангелді, Жангелдин, Жітіқара аудандарында балалар мектепке бармайды.

Сонымен қатар Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында35 градус аязға байланысты 0-11 сынып оқушылары және колледждің 1,2 курс студенттері қашықтан оқиды.

Одан бөлек Ақмола облысының Көкшетау қаласында да 0-11 сынып оқушылары үйде қалды.

Сондай-ақ,  кеше Астанада 9-сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн форматқа ауысатыны хабарланған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...