Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
16.7 C
Almaty
20.8 C
Shymkent

Есепте тұрған 100-ге тарта тұрғынның шектеулерді бұзғаны анықталды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің  нұсқауына сәйкес, 2023 жылдың 16-18 қаңтар аралығында облыста «Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оған қала, аудандық полиция құрылымдарынан 800-ге тарта қызметкер, оның ішінде пробация қызметінен – 50 қызметкер, 12 мемлекеттік орган өкілдері мен 44 қоғамдық құрылым өкілдері жұмылдырылып, қызмет етуде.
Аталмыш тиісті мамандармен іс-шараның 2 тәулігінде есепте тұратын 1700-ге жуық тұлға тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нәтижесінде оның 62-сі белгіленген шектеулер мен талаптарды бұзғаны анықталды. Бұл әкімшілік қадағалау орнатылған тұлғаларға құқық бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабымен «Қазақстан    Республикасының әкімшілік қадағалау туралы заңнамасын бұзу» 11 хаттама толтырылды. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандармен 16 бұзушылық анықталды. Мінез-құлқына белгіленген ерекше талаптарды бұзудың 2 дерегі белгілі болды. Қорғау нұсқамасын бұзған 15 құқық бұзушылық айқындалды.               Жалпы іс-шараның негізгі мақсаты - қылмыстық жағдайды жақсарту, ішкі істер органдарының есебінде тұратын тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу.  

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

№75 мекемесінің сотталғандар арасында есірткіге қарсы шара өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы бұйрығына сәйкес қоғамның бүгінгі таңдағы ерекше мән беретін өзекті мәселесі...