Қорадан қой ұрлап сатқандар ұсталды

Танымал

Ел аузында

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, мал ұрлығының құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның қорасына белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, 10-нан астам қойын жымқырған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша тіркеуге алынды.

Келестік қырағы полицейлер орын алған қылмысты ашып, кінәлілерді құрықтау мақсатында бірден іске кірісті. Куәлардан жауап алып, қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде күдікті ретінде үш жас жігіт ұсталды. Олардың бірі жәбірленушінің туысы болып шықты.

Анықталғандай, сезікті үшеу оңай жолмен пайда табуды ойлап, бөтеннің малын қолды еткен. Содан ұрланған қойларды сатып, ақшасын бөліп алған. Ал полицейлер жәбірленушінің 5 бас қойын тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...