Павлодарда жарылыс болды

Танымал

Ел аузында

Екі адам зардап шекті.

Жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnewsресурсына сілтеме жасап.

ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, «Павлодар» ЖШС қазандығының ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған.

Жарылыс салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады.

Екі адам зардап шекті. Оның біреуі – компрессор-оператор болса, екіншісі – автогаз тасығыштың жүргізушісі.

– Қоңырау 16:27-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем және апаттар медициналық орталығының бригадасы жіберілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз орталығы.

Дәрігерлердің айтуынша, денесін күйік шалған 43 жастағы ер адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.

Ал 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан ағзасы зақымданған және кеуде қуысында сұйықтық жиналып, бүйрек қызметі бұзылған....