Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.2 C
Nur-Sultan
20.4 C
Almaty
21.1 C
Shymkent

Полицейлер автокөліктерден қосалқы бөлшектер ұрлап жүрген күдіктілерді ұстады

Танымал

Ел аузында

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын автокөлік бөлшектері ұрланғаны жөнінде арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның «ВАЗ» маркалы көлігінен магнитофон мен аккумуляторын ұрлап кеткен. Осыған ұқсас шағымдармен полицияға тағы бірнеше автокөлік иелері жүгінді.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы автоұрыларды анықтап, ұстау мақсатында қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер екі күдіктіні, Сауран ауданының тұрғындарын ұстады. Жас жігіттер қылмыстарын толығымен мойындады. Олардың бөтеннің мүлкін ұрлаудың 4 дерегіне қатысы бары анықталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Күдіктілер негізінен автокөлік бөлшектерін «ВАЗ» көліктерінен жымқырып отырған. Адамдардың жоқтығын пайдаланып, көліктердің антеннасы, аккумуляторы, динамиктері және басқа да құнды заттарын ұрлаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 170 мың теңгені құрады.

Осы деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...